Коронавирус. Әлемдегі ахуал қандай? - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Әлем елдеріндегі жағдай

Жексенбі күнгі мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 300 мың адамнан асты. 13 мың адам қайтыс болып, 92 мыңы сауығып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы BBC-ге сілтеме жасап.

Германия жексенбі күні кешке коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейтті. Ел азаматтарына жұмыс орындары мен тұрғын үйлерден тыс жерлерде екі адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салынады.

Жағдайдың күрт өсуі Африка елдерінде байқалды. Covid-19 1198 адам расталды. Африка құрлығындағы жағдай әлі күнге дейін әлемдегі ең қолайлы жағдай болатын.

Британия билігі азаматтарға коронавирустың аралда таралу қарқыны өсіп келе жатқанын ескертеді. Соңғы тәулікте Уэльстің өзінде жеті адам қайтыс болған.

Дәрігерлер олардың барлығы қауіп-қатер тобына кіргенін атап өтті: кейбіреулері 70 жастан асқан, басқалары созылмалы аурулардан зардап шеккен.

Бүкіл ел бойынша ауруды жұқтырғандардың саны 5 мыңнан асты, ал құрбандардың жалпы саны 250-ге жақындап келеді.

Австралияда пабтар, клубтар, кинотеатрлар мен ғибадатханалар жабылуда. Дәмханалар мен мейрамханалар take away (сыртқа шығару) режимінде қызмет көрсетуге көшеді.

Италия жаңа қайғылы рекорд орнатты: соңғы тәулікте бұл елде 800-ге жуық адам көз жұмды.

Үндістан 14 сағаттық коменданттық уақыт енгізді. Егер билік бұл шараны тиімді деп тапса, ол одан әрі өкімге дейін тұрақты негізде енгізілетін болады.

Таиландта ауруды жұқтырғандар саны 600 адамға жетті. Көбі Бангкок қаласында тіркелген. Дәрігерлер қаланың карантинге жабылуы мүмкін деп ескертті. 

Оңтүстік Кореяда үкіметтің жаппай жиындарға қатыспау деген үндеуіне қарамастан, жүздеген шіркеулерде жексенбілік ғибадаттар өтті.

0 Пікір Кіру