Игі іске атсалысуға шақырамын - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Шахноза Хасанова, "Сана сезім" әйелдер бастамалық құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Қазақстан коронавируспен күресуге барынша күшін салуда. Бұл ретте Елбасы Н.Назарбаевтың коронавируске қарсы күрес үндеуін қолдаймыз. Осы тұста елімізде індетті таратпаудың барлық жағдайы жасалуда, әр азаматтың денсаулығы маңызды. Әрине, дәл қазір қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында сақтық шаралары қолданылып, санитарлы-профилактикалық тәртіп орнағаны мәлім. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев коронавирустың алдын алу үшін Үкіметке тиісті әрі қажетті шараларды қолдануды тапсырды. Еліміздің барлық аймағында шұғыл штаб жұмыс істеп жатыр. 

Шымкентте де медицина мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. «Сақтансаң сақтайды» дегендей, ел болып, бірлесіп әрекет қылсақ, бәрін де жеңеміз. Осы сәтті пайдаланып барлық кәсіпкерлерді ортақ мүддеге күш біріктіріп, игі істерге атсалысуға шақырамын.

0 Пікір Кіру