Зоя Сейітбекова: Біз біргеміз! - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қолдау

Бүкіл әлемді жаулаған індет Қазақстанды айналып өтпеді. Осыған орай, Елбасымыз Үндеу жасады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің елімізде таралуына орай елде төтенше жағдай жариялады. Әрбір қазақстандықтың өмірі еліміз үшін құндылық. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев короновирустың пандемиясы кезінде туындаған қиындықтарды еңсере отырып, осы қиын уақытта бірге болуға шақырды. Шынында да, бұл бір отбасы болып індетке қарсы тұруға, күш жұмылдыруға және өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Еліміздің өмірі үшін бұл қиын сәтте біз бәріміз бірлігімізді көрсете білу керекпіз. Өздеріңіз білесіздер Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында қиын кезеңдерді бастан кешірді, бірақ Елбасының дана саясатының арқасында біз оларды сәтті еңсердік. Енді осы қиын кезеңдерде бір-бірімізге үлкен жауапкершілікпен көмектесейік! Қазақстандықтарға айтарым, барлық сақтық шараларын өзімізден бастайық. 

Дүниежүзін жаулаған індеттен біз бірлігіміздің арқасында ғана күресіп шыға аламыз! 

Біз біргеміз.

Зоя СЕЙІТБЕКОВА, «Шымкент экономикалық азаматтық білім интеллект» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

0 Пікір Кіру