Президент спортшылар үшін арнайы ұшақ жіберді - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Польша президентінің әрекеті

Польша президенті Анджей Дуда Raw Air Әлем кубогының кезеңіне қатысқан трамплиннен секіруші спортшыларды Отанына жеткізу үшін Норвегияға үкіметтік ұшақ жіберді. 

Польшалық спортшылар елдегі коронавирустың өршуіне байланысты Норвегияда қалып қоюдан қорыққан болатын. 

Польша құрамасының спорт директоры Адам Малыш поляк мемлекетінің басшысынан көмек сұраған. 

"Президент Анджей Дуда Тронхеймге ұшақ жібертті, сондықтан біз жақын арада Норвегиядан үйге ораламыз. Бүкіл команда атынан үлкен рахмет", - деп жазды Адам Малыш Facebook парақшасында.

0 Пікір Кіру