Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Шартты жазамен бостандыққа шықты

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы жетекшісі, қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" санатына қосқан Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты. Бүгін, 3 наурызда Семей қалалық №2 соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен ерте босату туралы үшінші өтінішін қанағаттандырды.

Сот шешімі бойынша, Мұхтар Жәкішев "пробациялық бақылауға алынады, жаза мерзімі толық аяқталмайынша Қазақстан аумағынан шығарылмайды"

Сот отырысына Қазақстанның әр түкпірінен қоғам белсенділері мен Мұхтар Жәкішевті қолдаушылар жиналды. Олар сот басталмай тұрып залда Мұхтар Жәкішевке бостандық сұрап, ұрандатты. Сотқа Мұхтар Жәкішев скайп арқылы қатысты.

0 Пікір Кіру