Ердоған: Ресейдің Түркияның Асад билігіне қарсы күресіне араласпағаны жөн - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Түркия президенті Еуроодаққа да шүйлікті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбіде Анкара Мәскеуден Идлибтегі Асад режимінің күштеріне қарсы күрестен аулақ болуды сұрағанын айтты әрі түрік күштері Сирияның солтүстігінде Билік күштері орналасқан жерлерді нысанаға алатнын мәлімдеді. Бұл туралы Түркияның «Daily Sabah» ақпараттық сайты хабарлады.

Ердоған Ыстамбулдағы жиналыс кезінде билеуші Әділет және даму партиясының (АК партия) депутаттар тобына:

- Мен Путиннен Сирия режимімен күресу үшін түрік әскерін араластырмауды сұрадым, біз Ресейдің ол жердегі мақсатын түсінбейтін сияқтымыз, - деді.

Ендоған президент Путинге 36 түрік сарбазы қайтыс болған күннен кейін хабарласқан. 

Түрік президенті Түркияның өз территориясын кеңейтуге ниетті емес екенін, тек Асад режимінен өзінің аумақтық тұтастығын қорғайтынын айтты.

- Егер біз қазір шекарамызды лаңкестерден тазартпасақ, кейін Түркияның ішіндегі үлкен соғыстарға төтеп беруімізге тура келеді, - деді.

Ол Түрік Қарулы Күштері (TSK) Идлибтің оңтүстігінде қоршауды толығымен бұзғанын айта келе, Сирия режимін Түркияны оған қарсы осындай үлкен көлемде әскери қимыл жасауға итермелегені үшін айыптады.

Ердоған сонымен бірге Түрік Қарулы Күштері (TSK) жеті химиялық нысанды және 300-ге жуық әскери техниканы, соның ішінде 94 танкті жойып, 2100-ден астам Асад әскерін өлтіргенін айтты.

Ердоған сонымен бірге бұдан былай соғыс жайлаған Сириядан қашып жатқан адамдардың толқынына төтеп бере алмайтынын айтты, әрі босқындардың Түркиядан Еуропаға өтуіне рұқсат беруге ант берді.

Президент Ердоған Сирия режимінің шабуылынан қорғану үшін 4 миллионға жуық адам Түркия шекарасына қарай қашқанын және 1,5 миллион сириялықтың қазірдің өзінде шекарада тұрғанын айтты. Ол ЕО түрік босқындарының экономикалық ауыртпалығын бөлісу үшін 25 миллион еуроны бөлу туралы уәдесін орындамағанын айтты.

0 Пікір Кіру