Қорғас коронавирусқа байланысты жабылды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қорғас жабылды

Халықаралық "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы орталығы арнайы бұйрық берілгенге дейін жабық болады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, "Қорғас" ШЫХО арнайы бұйрық берілгенге дейін Қытайдағы коронавирусқа байланысты жабық болады.

Қытайдағы жағдайға байланысты Алматы облысының басшылығы Үкіметке "Қорғас" ШЫХО-ны уақытша жабуды ұсынды. Премьер-министр бұл ұсынысты қолдады. Әуелде "Қорғас" 15 ақпанға дейін жабылған, содан кейін мерзімі ақпан айының соңына дейін ұзартылды.

"Сол уақытта Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен ШЫХО ғимаратының ішінде жөндеу жұмыстары жүреді. Ондағы өткізу аймақтарында адамдар кептелісіне байланысты қиындықтар туындайтын, - деп атап өтті Ғалымұрат Жүкел.

zakon.kz

0 Пікір Кіру