Тың дерек: Дулат Ағаділдің қалай қаза болғаны анықталды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Дулат Ағаділдің қалай қаза болғаны айтылды

Бас прокурор Ғизат Нұрдаулетовтың тапсырмасымен Дулат Ағаділдің ісі толық және объективті қарау үшін, Нұр-Сұлтан қаласының арнайы прокурорлар басқармасына берілген.

Астаналық белсенді Дулат Ағаділдің қазасына байланысты түстен кейін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті арнайы брифинг өткізді. Ол жерде болған жайттың хронологиясы бастан-аяқ баяндалды.

«24 ақпанда кешкі сағат 9 шамасында Ақмола облысы Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сот қаулысын орындау мақсатында Талапкер елді мекенінде тұратын 1977 жылы туған Дулат Ағаділді Ақмола ауылының емханасына жеткізген. Сол жерде тәртіп бойынша сараптама өткізілді. Сараптама нәтижесінде азамат Ағаділдің қан құрамында алкоголь бар екені анықталды. 

Дене жарақатының бар-жоқтығына көз жеткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласы сот сараптамасына жеткізілді. Жарақаты жоқ деген қорытынды шықты. Түнгі 12-ге таман қылмыстық атқару жүйесінің 166-1 мекемесіне жеткізілді. Камераға жабар алдында денсаулығына байланысты ешқандай арыз-шағым түспеген. Камерада одан басқа төрт адам болды. Ол таңғы сағат 6-да тамағын ішкен. 7-де дәретханаға кетеді. Одан шығысымен тізерлеп отырып, есінен танып құлап қалған.

Камерадағылар Ағаділдің денсаулығының нашарлағаны туралы бақылаушыға хабарлайды. Ол алғашқы медициналық жәрдем шақырады. Келген жедел жәрдем Ақәділдің көз жұмғанын тіркейді. Тексерген кезде денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Бүгінде оған жүрек қан-тамырларының жетіспеушілігі диагнозы қойылып отыр. Бейнекамера оның ұйықтай алмай, мазасынданып жүргенін көрсетті»,- деді ІІМ министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров.

Ал, түске дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі белсенді Дулат Ағаділдің қайтыс болғаны туралы хабарлаған еді.

Азаттық рухы

0 Пікір Кіру