Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгеруі мүмкін - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Әйелдер де зейнетке 63 жаста шығады ма?

Қазақстанда ер адамдар 63 жастан бастап зейнетке шығады. 2027 жылға дейін әйел адамдардың да зейнетке шығу жасы 63 болады деп жоспарланып жатыр.

Алайда отандық юрист Камиша Есмухамбеткызы бұл пікірмен келіспейді. Оның ойынша, ер адам 60 жаста, ал әйел адам 55 жаста зейнетке шығуы керек. Сонымен қатар ол соңғы уақытта ер адамдардың өмір сүру жасының төмендегенін айтып өтті.

«Егер шындыққа тура қарайтын болсақ, кейде ерлер 40-45 немесе 50-55 жаста ауруларға душар болып, кейбірі өмірден өтіп жатады. Сол себепті олар да мемлекеттің қамқорлығын көруі әрі сезінуі керек. Сонымен қатар мен юрист ретінде әйел адамдардың әлеуметтік жағдайына назар аударудың уақыты келгендігін айтқым келеді. Адамдарды зейнетке ертерек шығару арқылы халыққа көмектесуге болады», - дейді ол.

Nur.kz

0 Пікір Кіру