Марғұлан Ақан

Nur.kz журналисінің өліміне байланысты деректер

Астана қаласында болған оқиғада көз жұмған Nur.kz сайтының журналисі Ирина Бекетованың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды,-деп Bugin.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Аталған оқиға туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев баяндады. 

"ІІМ Криминалдық полиция департаментінің жедел уәкілдері қызғаныштан Nur.kz журналисі Ирина Бекетованы өлтірді деген күдікті А.М.Гусеинов Ақмола облысы Аршалы ауданы Ижевск ауылында Есіл өзенінің жағасындағы тастанды үйден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

 Ұстау операциясы шұғыл жүргізіліп, күдікті қашуға тырысқан жоқ, полицейлер оны кенеттен ұстаған. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүріп жатыр. 


0 Пікір Кіру