Сюй Чжиюн: Си Цзиньпин есінен ауысты, ол биліктен кетуі тиіс! - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Арнайы хат жазды

Қытай диссиденті Сюй Чжиюн Қытай басшысы Си Цзиньпиннің тақтан кетуін талап етті. Сюй желтоқсан айында билікті қатаң сынға алғандықтан оны қудалау жұмыстары басталған болатын.

Сюй бұған дейін 4 жыл түрмеде отырып шыққан еді. Кейіннен "Жаңа азаматтардың қозғалысы" атты жемқорлыққа қарсы қауымдастықты басқарды. Оның қызметі мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан қысымға ұшырап, өзі қудалауға түсті. Сюй Си Цзиньпинге 4 ақпанда арнайы хат жазды. Ол хатта мемлекеттегі тұрақтылық пен даму жайында сөз етті. 

«Сіз Қытайды қайда бастап барасыз? Демократияға ма, диктатураға ма? Модернизация бола ма, яки мәдени революция ма? 

Сіз саясаткер емессіз. Сіздің нақты идеяңыз жоқ. Сіздің елді дамытар нақты бағытыңыз жоқ. "Қытай арманы" атты жалаң ұранмен сіз елді тығырыққа тіреп, нарықтық экономиканы бұрмалап жібердіңіз. Сіз модернизация дей отырып, партия барлығын басқаруы тиіс дейсіз. Бұл қарама-қайшылық қой. 

Өкінішке орай біз мемлекеттің экономикасының нашарлауын көріп отырмыз. Режим тұрақтылықты сақтау үшін отыз жыл бойы жинаған байлықты сарқып жатыр. Халық кедейлікке душар болуда. 

Қытайда бұлай жалғасуы мүмкін емес. Осы жағын ойланыңыздар! Болашақ ұрпаққа біз қандай Қытайды қалдырғымыз келеді?",- деп жазған хатында Сюй.

Ол хатты Си Цзиньпиннің биліктен есі ауысып қалғанын, тақты тастауын талап етумен аяқтаған. 

0 Пікір Кіру