Түркіменстан тыныш емес: шекарада кескілескен шайқас болып жатыр - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Соғыс қаупі артуда

Түркіменстанның малшылары Ауғанстан тарапынан содырлардың шекарадан бері өтіп жүргенін байқаған. 

Соңғы уақытта шекара маңына жақын аймақтан кескілескен ұрыс дауыстары, автоматтың үздіксіз атылуы мен жарылғыштың жер сілкінісі қуатты күші түркімендерге естіліп жүр. Бұл туралы жергілікті тұрғындар «Азатлык» Түркіменстан басылымына хабардар еткен. 

- Бұл жағдаяттар әрине Ашхабадты алаңдатып отыр. Тіпті, өткен айда қорғаныс министрі Бегенч Гундогдыев сөгіс алған болатын, - деп жазады Eurasianet.org сайты.

Бұған дейін де Түркіменстан шекарасында ірі қақтығыстар орын алған. Оның басым көпшілігі Ауғанстан әскері мен талибтер арасында болған еді. Өткен жылы талибтер бірнеше жүз ауған сарбазын шегіндіріп, олар Түркіменстанға өтіп кеткені жайлы "New York Times" жазған болатын. Алайда түркімендер ауған сарбаздарын елден дереу шығарып, артынша талибтердің қырғыны орын алды. Бұл тұрғыдан Ашхабад талибтермен шайқасудан жасқанатыны айтылған-ды.  

2018 жылдың маусымында 25 түркімен сарбазы шекара маңында оққа ұшты. Ресми билік жасырғанымен, сарбаздардың қазасына "Талибан" жасағы кінәлі екені анықталды. 

2020 жылдың басынан бастап "Талибан" жасақтары Түркіменстан шекарасында топтасуын арттыруда. Әзірге ресми билік шекара маңын күшейтуді қолға алар емес. Ақпанның басынан бастап Түркіменстан-Ауғанстан шекарасының маңында кескілескен ұрыс жүріп жатыр. 

"Талибан" содырлары Ауғанстан билігінің сарбаздарын қоршауға алғыны белгілі болды. 


0 Пікір Кіру