АҚШ басқарған ғаламдық тәртіп аяқталды: Трамп билігі қайтып орала ма? - на politic.bugin.kz
Ақмарал Берекет - на politic.bugin.kz Ақмарал Берекет

Мюнхендегі драма

Биылғы Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы америкалықтар туралы жағымсыз стереотиптерге сәйкес өткізіліп отыр.

Егер асыра айтатын болсақ, онда бұл теріс стереотип өзін-өзі ұстай алмағанына қарамастан келіссөздер жүргізетін, үстелде тік тұрып, жерлеу рәсімінде әзіл айтатын ковбойдың бейнесін сипаттайды. Мұндай стереотиптерді кез-келген ұлтқа жасауға болады, бірақ бір нюанс: Мюнхенде дәл осындай ковбой-дипломат, ЦРУ-ның бұрынғы басшысы, қазіргі АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сөз сөйледі. Америкалық басшысының бейнесін толықтай жасау үшін ковбой шляпасы, етік пен бір стақан виски ғана жетпей тұрды. Помпео «Батыссыздық» тақырыбында оптимистік тұрғыда қалжың араластырып ойын жеткізді.

Халықаралық сарапшылар тобының арнайы баяндамасында Батыс ұжымының өз ықпалы мен жалпы құндылықтарынан айырылғаны туралы айтылды. Сонымен қатар олар әлемнің қандай болатындығы туралы ойлану керектігін де ескерді.

Батыс идеологиясының дағдарыста екеніне қарамастан конференция сахнасында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы «Батыстың жеңіп жатқандығын» жариялады.

Майк Помпео: «Батыс жеңіп жатыр, біз олармен бірге жеңіп жатырмыз», - деді.

ЦРУ-ның бұрынғы басшысының сөзінен Сирия, Солтүстік Корея, Қырым, тіпті Иран бағыттарындағы Американың күш-жігерін анық көруге болады.

Германия президенті Штайнмайер бұл мәселені былай тұжырымдады:

«Одақтасымыз АҚШ әкімшілігі халықаралық қоғамдастықтың бұл идеясын қабылдамайды». Серіктес ретінде АҚШ-ты «тағы да ұлы мемлекет» деп айтар едім».

АҚШ «Батыстың» үстінен әлемді билеп отыр. «АҚШ тонап жатқан Батыс бізге не үшін керек?» деген сұрақтың әрбір мемлекетті толғандыруы заңдылық. Негізінде мұндай «ұжымдық батыстың» әлемге қажеті жоқ.

Конференцияға қатысқан «Eurasia Group» саяси консалтингтік компаниясының негізін қалаушы, америкалық саясаттанушы Ян Бремер конференция туралы ойын твиттерде қорытындылады:

«АҚШ басқарған ғаламдық тәртіп аяқталды. Ол қайтып оралмайды».

Вашингтон - Берлин және Вашингтон - Париж араларындағы мәселелер Трамп және оның әкімшілігінің кінәсінен болған жоқ. АҚШ-тың өз проблемаларын «ұжымдық батыстан тыс» елдер есебінен шешуі ойда жоқта төмендеді. Сонымен қатар аталмыш мемлекеттің құрылымдық экономикалық проблемалары аяқталмай, күшейе түсті.

Вашингтонның НАТО-ны қолдау үшін Еуропалық Одақтан жылына шамамен 370-380 миллиард доллар талап етуі ашкөздіктен емес. Олардың ойларынша, бұл тығырықтан шығаратын ең дұрыс жол болды.

Дәл осы секілді ойды Еуропалық Одақтың өзімен болған сауда соғыстарынан және Трамптың Еуропалық Airbus тобына жасаған әрекеттері мен неміс автомобиль өндірушілеріне төндірген қауіп-қатерінен көруге болады. Мұндағы мәселе экономикасын сақтап қалу үшін Трамптың Пекин немесе Брюссельмен соғысуға дайын болуында еді. Дәл осы себептен де америкалық әлем қайта оралмайды.

Осы тұрғыдан алғанда, ЕО басшылары сыртқы саясатқа әсер ететін екі маңызды фактор: «еуроатлантикалық ынтымақтастық» пен «экономикалық мақсаттылықты» басқаша бағалай бастайды.

Эммануэль Макронның Ресеймен қарым-қатынасы туралы мәлімдемесінде:

«Бізде, Ресейде мүлде өзгермеген қатып қалған қақтығыстар, сенімсіздік жүйесі, киберқауіпсіздік саласындағы қақтығыстар туралы санкциялар жинақталды. Мен оларды жоюды ұсынбаймын. Біздің санкцияларымыз бен қарсы санкциялар Ресей үшін қаншалықты қажет болса, бізге, еуропалықтарға да соншалықты қажет», - деді.

ria.ru

0 Пікір Кіру