Миллиардтарды карантинге жапты: коронавирус ақша арқылы жұғуы мүмкін - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Қытай жаңа юаньдарды нарыққа қосты

Қытайда нарыққа жаңа 600 млрд юань банкноты шығарылды. Ескі қағаз ақшалар дезинфекцияланып, екі аптаға карантинге жабылады. 

Қытайдың Ұлттық банкі аталмыш қадамға коронавирустың тарауына байланысты барып отыр. Бұл туралы Daily Mail басылымы ақпарат таратты.

- Вирус тарай салысымен, біз тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен мән бере бастадық. Сол себепті де бірқатар шаралар қабылданды, - деді банк өкілі Фань Ифэй.

Ухань қаласына су жаңа 4 млрд юань банкноттары жіберілген. Сонымен қатар ауру ушығып тұрған аймақтармен ақша қатынасы да тоқтатылған. Бұл вирустың таралуын азайтуы тиіс. 

Вирустың қағаз ақша арқылы да таралуы мүмкін екендігі өткен аптада айтылған болатын.

0 Пікір Кіру