Жаңа бастама: Өзбекстанда көлік жүргізушілеріне жол ережесін бұзуға рұқсат етті - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Жаңа бастама

Өзбекстанның Ферғана облысында ерекше тәжірибе бастау алды. 14 ақпаннан бастап "Жақсылық" атты акция іске асуда. 

Акция аясында жол полициясы жол ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұл салмайды. Бұл туралы Ферғана облысының ІІМ басшысы хабарлады. 

Акция бір аптаға созылады. Жол ережесін бұзғандарға айыппұл салмай, тек ескерту айтылмақ. 

Мұндай акцияны ұйымдастырудың басты себебі жүргізушілерді мәдениетке, айыппұлдан емес, ішкі ұстанымға байланысты ереже сақтауға шақыру, үйрету. Мұндай эксперимент Өзбекстанда бірінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 

0 Пікір Кіру