Трамп пен Блумберг әлеуметтік желіде бір-біріне тіл тигізді - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Америкалық президент пен медиамагнат Twitter-де бизнес пен саясаттағы сәтсіздіктерін айтып бір-бірін кемсітті

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Твиттердегі парақшасында президенттік сайлауға демократиялық партиядан кандидат Майкл Блумбергті кәсіби саясаткерлермен бәсекелесе алмайды деп айыптады.

- Мини-Майк Блумберг – ақшасы бар лузер, бірақ ол пікірсайыстарды жүргізе алмайды... Ол маған энергия үнемдегіш Джеб Бушқа ұқсайтын сияқты көрінеді, бірақ Джебтің саяси шеберлігі жоғары және қара нәсілді халыққа жақсы қараған еді, - деп жазды Трамп.

Жауап ретінде Блумберг президенттік сайлауда Трампты озып өтуі үшін барлық ресурстары бар екендігін жазды. Сонымен қатар Нью-Йорктегі ортақ таныстарының барлығы Мемлекет басшысын «жәрмеңкелік сайқымазақ» деп атайтындығын, оның үстінен күлетіндіктерін мәлімдеді.

- Олар сенің мұрадан қалған байлықты ақылсыз мәмілелермен және біліксіздікпен ысырап қылғандығыңды біледі, - деп жазды Блумберг.

Трамп хабарламалардың бірінде өзінің қызыл лентаны қиып жатқан, ал оның жанында Блумбергтың пакет сияқты костюм киіп алған фотоколлажын салып қойған. Блумберг бұл анимацияға «Гладиатор» фильмі кадрінің суретін және «Өз-өзін салтанаттау уақыты жақында аяқталады» деген цитатамен жауап ретінде жариялады.



0 Пікір Кіру