Ресей коммунистері конституцияға «Құдай» туралы бап қосуды құптап отыр - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Зюганов: Егер Ленин қабірде жатса, аллы-берлі аунар еді

Құдайды жоққа шығарып, «атеист» атанған коммунистік партияның Ресей конституциясында жаратушыны атап өту идеясына қарсы еместігін білдіргені таңқаларлық жағдай болды, деп жазды Ресейдің «RT.COM» ақпаратттық сайты.

Большевиктік төңкерістен бері бір ғасыр өтті. Содан бері Ресей және басқа да коммунистік шенеуніктер ұлттық атеизмді жоғары бағалап келді. Сондықтан партияның қазіргі жетекшісі Геннадий Зюгановтың сөздері адамдардың назарын аударғаны анық.

- Коммунизм біреулер айтқандай «Халықтың апиыны» болған жоқ, ол шын мәнінде христиан дінінен шыққан. Партияның негізін қалаушы Владимир Ленин егер қабірде жатқан болса аунап-қунап жататынында күмән жоқ, - дейді Зюганов :

- Мен Киелі кітап – елші Пауылдың Інжілін оқығанымда, онда коммунизмнің басты ұраны меңзелгенін байқадым. Шын мәнінде, коммунизмді құрушы тұлғаның моральдық кодексі Киелі кітапқа негізделген, - деп түсіндірді Зюганов.

Православие патриархы Кирилл және оның шіркеулері бұл пікірді құптайды. Алайда олар Кеңес дәуіріндегі Коммунистік партияның христиандарды аяусыз басып тастап, мыңдаған дінбасыларды өлтіргеніне де көз жұма қарай алмайды.

Зюгановтың сенімі марксизм мен дәстүрлі коммунизм теориясынан алыс болғанына қарамастан, оның Думадағы әріптестері оның көзқарастарына таңданбайтын тәрізді. Партия жетекшісінің бұл дінге жасаған алғашқы мазағы емес. Ол бір кездері Иса Пайғампарды жердегі алғашқы коммунист деп атаған көрінеді.


0 Пікір Кіру