Рамзан Қадыровтың жиені Шешенстанның спорт министрі болды - на politic.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на politic.bugin.kz Бота Куанышбекова

Ауыс-түйіс...

Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров Курчалоев ауданының басшысы әрі жиені Хамзат Қадыровты Дене шынықтыру және Спорт Министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды РИА Новости. 

Рамзан Қадыров: «Хамзат Кадыров Шешенстан Республикасының Дене шынықтыру және Спорт министрі болды. Ол Курчалоев ауданының басшысы ретінде керемет басқару қабілеттерін көрсетті. Ол өз міндеттерін жаңа лауазымда да жақсы атқаратынына сенімдімін. Хамзат белсенді өмір салтын ұстанады, спорттағы жағдайды мұқият қадағалайды, федерациядағы жағдайды жақсы біледі, проблемалар мен даму перспективаларын нақты түсінеді», - деп жазды Instagram-дағы парақшасында. 

Хамзат Қадыров рухани және зайырлы білімі бар, Центароев мектебін үздік бітіріп, 17 жасында «хафиз» атанған. Ол сондай-ақ Шешен мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару факультетін бітіріп, оқуын "қызыл" дипломмен аяқтап, шет тілдерін оқып шыққан. 


0 Пікір Кіру