Қытайда қазақ дәрігері вирус жұқтырғандарға қара жорға билетті - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Қазақ дәрігері Уханьға өз еркімен аттанған

Қытайдың Ухань қаласында дәрігерлер вирус жұқтырған науқастардың көңілін көтеру үшін би билеп, ән салған, деп жазады China Post басылымы. 

Қытайдың Ухань қаласына өз еркімен бірнеше қазақ дәрігері науқастарды емдеуге аттанған. Видеодан қазақ дәрігерінің науқастарды Қара жорға биіне билеткенін көруге болады. Сонымен қатар медбикелер мен еріктілер де түрлі әндер айтып, би билеген.

Әзірге індеттің беті қайтар емес. Бүгінгі күні 41 мың адам вирус жұқтырып, 1113 адам көз жұмған. 

0 Пікір Кіру