ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады: Коронавирусқа қарсы вакцина қашан пайда болады? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Коронавирусқа қарсы вакцина 1,5 жылдан кейін дайын болуы мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакциналар 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті.

Ол алғашқы вакцина 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін, сондықтан осы вируспен күресу үшін бүгінгі күні қолда бар «қаруды» пайдалана отырып, бәрін жасау керектігін айтты.

Сонымен қатар ДДҰ басшысы вакциналар мен терапиялық құралдарды әзірлеу маңызды екенін хабарлады. Бұл зерттеу бағдарламасының бір бөлігі ғана.

Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша оларды әзірлеуге уақыт қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрін COVID-19 деп атады.

Оның айтуына қарағанда, аталмыш вирус – қоғамның нөмірі бірінші жауы.

0 Пікір Кіру