Қытай Коммунистік партиясы жергілікті шенеуніктерді жұмыстан қуып жатыр - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Індет 1000-нан астам адамның өмірін қиды

Қытай жан алғыш коронавирус індетінің орталығы Хубейдегі жоғары лауазымды шенеуніктерді халықтың наразылығына байланысты жұмыстан қуды деп хабарлайды «BBC News» агенттігі жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

"Коммунистік партияның бірнеше шенеунігі, соның ішінде Хубэй денсаулық комиссиясының партия хатшысы және комиссия жетекшісі үкіметтік тазартуда жұмысынан айрылды" деп жазды басылым.

ВВС-дің хабарлауынша, жергілікті Қызыл Крест директорының орынбасары көмекке келген заттарды қабылдау барысында «сылбыр қимылдағаны» үшін қызметінен босатылған. Хубейде коронавирустың өршуіне байланысты жүздеген адамдар тексеріліп, жұмыстан босатылған немесе ескерту алған.

Ауру салдарынан 1000-нан астам адам өліп, вирусты жұқтырғандардың саны 42 мыңнан асқан. Осы уақытқа дейін аталмыш вирус жұқтырғандар, кем дегенде, басқа 25 елде тіркелген. Өлімнің көп бөлігі Хубэй провинциясының астанасы Уханда болды.

0 Пікір Кіру