Сирия сойқаны: Түркия Асадтың жүздеген әскерінің көзін жойды - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Соғыс қыза түсті

Анкараның мәліметі бойынша Түркия жасағы Идлиб маңында өзін қорғау мақсатында Асад әскерлеріне соққы жасауда. 

Идлибте Түркия Асад әскерінің 115 нысанына соққы берген. Бұл туралы 10 ақпанда Түркияның қорғаныс министрлігі хабарлады. 

- Жауап ретінде 115 нысанаға соққы жасалды. 101 сарбаз, үш танк, екі зеңбірек пен тікұшақтың көзі жойылды. Өзімізді қорғау мақсатында соққы жасауды жалғастыратын боламыз, - деді Түркия қорғаныс министрлігі. 

Дүйсенбі күні Асад әскерилері Түркия сарбаздарына шабуыл жасап, 5 сарбаз көз жұмған болатын. Анкара бірден соққымен жауап қайтаруда.

0 Пікір Кіру