АҚШ-та енді импичмент болмайды: Трамп кек алуды бастап кетті - на politic.bugin.kz
Ақмарал Берекет - на politic.bugin.kz Ақмарал Берекет

АҚШ президенті «Украинаның басты қауіпсіздік қызметкерін» жұмыстан шығарды

Дональд Трамп қылмыскерлерге кешірім беруге әлі дайын емес. Бірақ ол - бизнес пен саясатқа келгенде өте тәжірибелі адам. Сондықтан да ол кекті уақтылы алу керектігін біледі. Сонымен қатар кек алу қосымша проблемалар мен қауіптер туындатпайтынын білгенде ғана іске кіріседі. Трамптың қауіпсіздік күштерін тазарту процесі импичментте толық ақталғаннан кейін басталды.

Алғашқы жәбірленуші - Александр Виндман (планетадағы ең беделді украин деп санауға болатын адам) болды. Подполковник Виндман - АҚШ-тың Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Еуропалық істер жөніндегі директоры. Ол жұмыстан босатылып қана қоймай, жанжал шығарды. Виндман - «Украинадағы басты тұлға» деген атаққа ие болған украин диаспорасының мақтанышы және (бұрынғы) американдық шенеунік. (Сонымен қатар ол Киевтегі әріптестерімен өте тығыз байланыста болған).

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Виндманның өзі бірнеше рет Украинаның Қорғаныс министрі қызметіне ұсынылыпты. Сонымен қатар ол Киевтегі өкілдермен «Вашингтондағы мәселелерді шешу» керек болғанда байланысқан болатын. Киевтегі дипломатиялық әрекеттері үшін Виндманды қызметінен босату өте күрделі мәселе деп танылды. Дональд Трамп импичмент аяқталғаннан кейін (екі күннен соң) Виндманның өзін ғана емес, оның егіз інісі Евгений Виндманды да жұмыстан шығарды.

Бұл Дональд Трамптың импичментке қатысқаны үшін Виндманнан кек алу шарасы еді. Дәл осы украин азаматы Конгресте (импичмент кезінде) АҚШ президентіне қарсы куәлік берді. Сонымен қатар ол Жоғарғы Бас қолбасшыны қызметін асыра пайдаланып, Зеленскийді бопсалады деп айыптады.

Президент кеңесшісінің айтуына қарағанда, Дональд Трамп жұма күні импичменттің екі негізгі куәгерін жұмыстан шығарды. Олар – Виндман мен АҚШ-тың Еуропалық Одақтағы елшісі Гордон Сондланд. Кеңісшінің айтуынша бұл шешім қажетті деп танылды.

Алдағы уақытта екінші импичмент болмайды. Себебі ақ үйде қара пиарға қарсы вакцинация жасалды. Енді Трамп «Сіз жұмыстан шығарылдыңыз!» атты авторлық фразасын қайталауға дайын.

Жәбірленушінің адвокаты Дэвид Прессман Виндманның шындықты айтқаны үшін жұмыстан шығарылғанын айтты. Оның әрекеті расында да мықтылардың өзін қорқытқан еді.

ria.ru

0 Пікір Кіру