Бердібек Сапарбаев әкім болып тағайындалды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Тоқаев тағайындады

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев үкіметтік жұмыстан босап, аймақтық әкімшілікке жұмысқа кетті. Мұны Ақорда хабарлады. 

Нақтырақ айтсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. 


Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған.

1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітіреді.

Сапарбаев бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысының әкімі болған.


0 Пікір Кіру