Сарапшы: Белоруссиядағы батысшыл топтар Лукашенконы өлтіруі мүмкін - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Жаңа президентті таққа әкелуге мәжбүр

«Россия сегодня» Халықаралық ақпарат агенттігінің сарапшысы Ростислав Ищенко Белоруссияның саяси қадамдарына қатысты пікір білдірді. Өз пікірін ол «Украина.ру» басылымына сұхбат ретінде білдірген.

Ищенконың ойынша, Белоруссиядағы батысшыл топтар елде президентті ауыстыру жоспарын жасауда. 

- Олардың кандидаты сайлауда жеңіп шығуы екіталай, сондықтан басшыны ауыстырудың басқа амалдарын қарастырып жатыр, - дейді сарапшы. 

- Елде майдан жасау екіталай. Оған биліктің жауабы қалай болары белгісіз. Олардың қолында арнайы құрылымдар жасақтап, жаттықтырған жендеттер бар. Алайда олардың саны тым аз, — дейді Ищенко.

Сол себепті сарапшының ойынша, батысшыл күштер Лукашенконың өлімін ұйымдастыруы мүмкін. Олар оны "оқыс жағдай" етіп көрсетіп, артынша сайлауда өз кандидаттарының жеңіп шығуына жағдай жасамақ екен. Батысшыл күштер Ресей мен Белоруссия арасы тым жақындап келе жатқандықтан, бұл жоспарды жылдам іске асыруға мәжбүр болуы мүмкін.

0 Пікір Кіру