Қордай ауданындағы қақтығыс: Қазақстан халқы Ассамблеясы мәлімдеме жасады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Мәселе

Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданындағы жағдайға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы  МӘЛІМ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кешелі бері сынға іліккен Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қылмыс – ұлтқа бөлінбейді. Арандатушыларға бой алдырмау керек» деді. Сондай-ақ, қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл білдіріп, жараланғандырдың тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Мемлекет басшысы кикілжің салдарын жоюға қатаң тапсырмалар берді.Біз Қазақстан халқынан осы келеңсіздіктің тез арада шешілуіне барынша қолдау білдіріп, көмек көрсетуін сұраймыз. Аталған тапсырмаларға сәйкес Ассамблея еліміздің барлық өңірлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, этномәдени бірлестіктермен кездесулер ұйымдастырды.Ассамблея мүшелері «қылмыс – ұлтқа бөлінбейді» деген пікірді толық қолдайды және кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаға тартылуы керек деп есептейді.Сондықтан бүгінгі күнгі еңбасты мақсат – арандатушыларға бой алдырмау, жеке тұлғалар жасаған тәртіпсіздік үшін бүкіл ұлтты айыптауға жол бермеу. Ассамблея халық даналығына сенім арта отырып, ел тұрғындарынан, ең алдымен жастардан еліміздегі татулық пен келісімге селкеу түсіретін, асығыстыққа ұрындыратын қадамдар мен іс-әрекеттерден сақ болуын сұрайды.Қазақстан халқы бір-бірімен әрдайым бауырмалдық қарым-қатынастың жарқын үлгісі болғанын және бола беретініне сенімдіміз.Балаларымыздың ортақ болашағы үшін ұлтаралық алауыздық тудырмауымыз қажет.Біз азаматтарды жалған қауесеттерге ермеуге, қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына жәрдемдесуге, ортақ үйіміздегі татулық пен бейбітшілікті сақтауға шақырамыз», – делінген Қазақстан халқы Ассамблеясы таратқан мәлімдемеде.

2020 жылдың 7 ақпан күні Жамбыл облысындағы Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында жергілікті тұрғындар арасынжа жанжал болған. Бұл елді мекендерде көбіне дүнген ұлтының азаматтары көп шоғырланған. Ресми деректер бойынша сегіз адам қайтыс болып, қырықтан астам адам жарақаттанған. Полиция «адам өлтіру», «тәртіпсіздікті ұйымдастыру» бабы бойынша қылмыстық істер қозғады.

0 Пікір Кіру