Сауд Арабиясындағы ұйғырлар Түркияға қашуға мәжбүр  - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Қытайдың қысым саясаты

"Сауд Арабиясындағы ұйғырлар Түркияға кетуге, анығы қашуға мәжбүр" деп жазады RFA сайты.

Оған басты себеп Эр-Риядтың Сауд Арабиясында жүрген ұйғырлардың уақытша тұру мерзімін ұзарту туралы шешімнен бас тартуы болып отыр. "Бейжің Сауд Арабиясына қысым жасау арқылы ұйғырларды Қытайға депортацияламақ" дейді сарапшылар. 

"Франс Пресс" басылымының жазуы бойынша: "Қытай тарапы уақытша тұру мерзімін ұзартуды осыдан екі жыл бұрын тоқтатқан. Олар Сауд Арабиясында тұратын ұйғырларға бір жақты билет алып беруге уәде еткен. Яғни тек қана Шығыс Түркістанға кіруге билет алынған. Ол билет еліне емес, бірден лагерьге алынды деген сөз", - дейді басылым тілшілері. 

Осы себепті де соңғы жылы Сауд Арабиясындағы жүзден астам ұйғыр Қытайдағы туыстарына емес, Түркияға кеткен. RFA сайтының мәліметінше Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бен Салман Қытайдың Шығыс Түркістандағы геноцид саясатын қолдап, оны "терроризммен күрес" деп атаған. 

Ал Түркия Қытайда қысым көрген түркі ұлттарын қабылдап келеді. Тіпті Ердоғанның қолдауымен миллиондаған халық Қытай саясатына қарсы митингтер ұйымдастырған еді. "Сол себепті де Сауд Арабиясындағы ұйғыр студенттері Түркияға кетудің жолын іздестіруде" делінген сайт ақпарында. 

0 Пікір Кіру