Коронавирустан қорғайтын тұмар сатылады: Құны - 78 млрд теңге - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Бақсылардың дәурені жүріп тұр

Қытай коронавирус түрлі алаяқтық туғызуда. "Қытай халқы сыйқыршыларға баруды құп көрсе, Ресей және өзге мемлекеттің тұрғындары түрлі бақсыларға жүгініп жатыр" деп жазады Regnum басылымы. 

Вирустан қорғайтын ең қымбат тұмардың құны 13 млрд 462 млн 578 мың, 946 рубль тұрады, бұл Қазақстан теңгесіне шаққанда 78 млрд деген сөз. Неге бағаның осыншалықты қымбат екені түсініксіз. Тұмарды Карелия тұрғыны саудаға шығарған. Ол бұл тұмарды сатып алған адам ғана емес, сол адам тұратын мемлекетте вирустан аман болады деп сендіруде. 

Тұмардың арзан түрлері де бар. Жеке адам ғана қолданатын тұмар 5000 рубль, Қазақстан теңгесіне шаққанда 30000 тұрады.  Егер сіз тек қана өзіңіз емес, отбасыңыз да аман болғанын қаласаңыз, үстіне тағы 5000 рубль қоссаңыз жеткілікті екен. Бұл тұмарды сатушы да Карелиядан. 

Алайда тұмар сатушылар жарнама астына "қызуыңыз көтеріліп, ауру симптомдары пайда болса, ойланбастан ауруханаға барыңыз" деп жазуды ұмытпапты. Соған қарағанда құқық қорғау органдары тарапынан болатын тексерістен сақтанса керек. 

0 Пікір Кіру