Қанды қырғын: Сирияда Ресей әскерилері қаза тапты - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Сирияда тағы қырғын

Сирияда Ресей және Түркия әскерилері қаза тапты. Дипломаттар оқиғаның қашан, қалай болғанын анық айтпады. Олардың мәліметі бойынша қанды қырғын қаңтардың ортасында болған. 

Бұған дейін Ресей БАҚ-тары Алеппо маңында төрт орыс сарбазының қаза тапқанын жазған болатын.

"Сирияда қайғылы қанды қырғыннан орыс және түрік сарбаздары қаза тапты" делінген Ресейдің сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.  

Қаңтар айында Идлиб маңындағы шабуыл үдей түскен. Содырлар өз иеліктерін кеңейту үшін барын салған. Жарты айдың ішінде лаңкестік топтар мыңнан аса шабуыл жасаған. 

Ресейдегі "Сарбаздардың аналары" комитеті соңғы күндері Сирияда 9 сарбаз қаза тапты деген ақпаратты таратты. Олардың айтуы бойынша бұл Сыртқы істер министрлігі жасырып отырған адами шығын болуы мүмкін. 


0 Пікір Кіру