«Жусан» операциясы аяқталды: Қанша отандасымыз әлі Сирияда жүр?  - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

«Жусан» гуманитарлық операциясының кезеңдері аяқталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков осыған дейін өткізілген «Жусан» гуманитарлық операциясын қорытындылады.

Оның айтуынша, аталмыш операция нәтижесінде Ирактан 14 баланы алып келген. Сонымен қатар ол әзірге, осы тектес шаралардың жоспарда жоқ екенін айтты. Оның себебі - қақтығыс аймақтарында жүрген азаматтарға қатысты толық ақпараттың жоқтығы.

Сонымен қатар ол жүзден астам Қазақстан азаматтарының қақтығыс аймақтарында екенін, соның ішінде Сирияда жүргенін айтып өтті.

Нақты деректер бойынша, Сирияда жүрген отандастарымыз: 36 ер адам, 80-ге жуық әйел, ал балалар жағы белгісіз.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» гуманитарлық операциясының төрт кезеңін қорытындылады.

2019 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен Сириядан елімізге 595 азамат қайтарылды. Операция нәтижесінде:

- бірінші кезең - 47 адам: 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала;

- екінші кезең - 231 адам: 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала (18 жетім);

- үшінші кезең - 246 адам: 8 ер адам, 67 әйел және 171 бала (9 жетім);

- төртінші кезең - 71 адам: 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала (5 жетім) елге жеткізілді.

Жалпы Сириядан келгендер саны – 595 азамат (33 ер адам, 156 әйел, 406 бала (32 жетім).

0 Пікір Кіру