Импичмент аяқталды: Трамп АҚШ Президенттігінен кете ме? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

АҚШ Сенаты Трампты ақтап алды

АҚШ Президентіне жарияланған импичмент процесі аяқталды. Оған екі бап бойынша импичмент жарияланған еді. Сенат Дональд Трампты екеуі бойынша да ақтап алды.

Бұл процестің президенттің пайдасына шешілуіне сенаторлар арасында Республикалық партия мүшелерінің көп болғаны әсер етті.

Жоғарыда айтып өткендей импичмент оған екі бап бойынша жарияланды. Олар:  

- Трамп қызметін асыра пайдаланды;

- Ол Конгресс жұмысына кедергі келтірді.

Егер сенаторлар дауысының үштен екісі Трампқа қарсы болса, ол сотталып, президент орынын босататын еді.

Қазіргі таңда АҚШ Президенті сайлауалды кезеңге дайындалып жатыр.

0 Пікір Кіру