Трамп импичмент ісі бойынша ақталып шықты - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Парламентшілер Ақ үйдің иесі Дональд Трампқа тағылған екі айыпты да қолдамады

АҚШ сенаторлары 5 ақпан күні өткен дауыс беру барысында президент Дональд Трамптың импичмент ісі бойынша тыңдау өткізіп, президентті ақтап шықты. Бұл туралы CNN хабарлайды.

АҚШ-тың Демократиялық партиясынан «билікті асыра пайдаланды» деген бірінші бап бойынша айыптауға 48 адам дауыс берді. Президенттің кінәсін дәлелдеу үшін 100 адамнан, кем дегенде, 67 дауыс жинау қажет болған еді.

Конгресс жұмысына кедергі жасау туралы екінші бапқа қарсы 52 сенатор дауыс берді.

Сенат отырысы соңында қорытынды жасап, Трамп импичмент туралы іс жөнінде кінәсіз деп таныды.

Трамп - импичмент процесін бастаған АҚШ тарихындағы үшінші президент. Біріншісі – Эндрю Джонсон (1868 жылы), екіншісі –  Билл Клинтон (1998 жылы). Үшеуін де сенат ақтап шыққан еді. 


0 Пікір Кіру