Тоқаев: Ақша үнемдеудің жолы табылды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Биліктегілер Тоқаевтың сөзінен кейін ақша үнемдеудің жолын тапты

Үкімет Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлік конференциясын бірге өткізуді жоспарға алды. Осы шешімнің арқасында форумға бөлінетін қаржы үнемделмек. Бұл ақпарат туралы бірінші вице-премьер, қаржы министрі Әлихан Смайылов хабарлады.

Смайыловтың айтуынша, Қазақстан биыл ДСҰ министрлік форумын өткізеді. Бұл халықаралық деңгейдегі форум болғандықтан, 200-ге тарта елдің министрлері қатысады.

Астана экономикалық форумы - жаһандық мәселелерді талқылауға арналған сұхбат алаңы. Ол жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Форумға кімдер қатысады: әлемдік көшбасшылар, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, саяси және қоғам қайраткерлері, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері.

1 Пікір Кіру