Тоталитаризм: Вирус тарайды деп ескерту жасаған дәрігерлерді Қытай билігі үнін өшірген - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Ли вирус жайлы білген

Ухань қаласындағы дәрігер вирустық індеттің тарайтынын алдын-ала біліп, өз жақындары мен достарын ескерткен. Бірнеше сағаттан кейін оның хабарламасы скриншотталып, Қытай әлеуметтік желісіне тарап кеткен. 

30 желтоқсан күні 34 жастағы дәрігер Ли Вэньлян WeChat желісі арқылы өзінің бірге оқыған группаластарына арнайы хабарлама жазған екен. Ол хабарламада жергілікті балық сататын базарда SARS вирусына ұқсас індетпен жеті адамның ауырып, ауруханаға түскенін айтқан. Бұл туралы CNN басылымы ақпарат таратты. 

Ли арнайы тест арқылы вирустың коронавирус екенін, өте қауіпті болатынын анықтаған. Ол достары мен жақындарын ескертуді, абай болуды айтқан. Сол күні-ақ Ухань қаласының денсаулық сақтау муниципальды комиссиясы балық сататын базардан белгісіз ауру тарап жатқанын хабардар етеді.  

31 желтоқсан күні Ухань қаласының денсаулық сақтау саласындағы мекемелері шұғыл түрде басқосу ұйымдастырып, індеттің таралуы жайында кеңес өткізеді. Дәрігер Лиді аурухана басшылығы шақыртып, оның індет жайлы қалай білгенін сұраған. 

3 қаңтар күні Лиді полиция участкесіне шақыртып, "Интернетте қауесет таратқаны және халықты әбігерге салғаны үшін" сөгіс беріледі. Ли "кінәсін" мойындап, арнайы хатқа қол қояды. Ендігі таңда мұндай хабарламалар таратпайтынын мәлімдейді.  

1 ақпан күні Ли Вэньлянның өзінен коронавирус індеті табылды. Бұл Қытай халқының наразылығын туындатып отыр. Олар "дәрігерді қыспаққа алып, ауруды жасырды" деп ел үкіметін айыптауда.

0 Пікір Кіру