Пара алу: Қорғаныс министрлігінің генералы күдікті деп танылды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікпен ұсталды

ҚР Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Олардың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкерелеген.

Ведомство мәліметінше шенеунік қол астындағылардан:

- қызметтік саласы мен міндеті бойынша кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу мен орналастыруға;

- ескерту, алдын алу жұмыстарын жүргізуге;

- өз қатарларында тазалықты қамтамасыз етуге;

- жеке құрамның іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға қомақты мөлшердегі параны жүйелі алу күдігіне іліккен.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің айтуына қарағанда, күдікті кінәсін мойындаған. Сонымен қатар қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірген. Биылғы жылдың 31 қаңтарынан бастап күдікті үйде қамауда болады. Ал түпкілікті шешімді сот шығарады.

0 Пікір Кіру