Ердоған: Біз Қырымның заңсыз аннексиясын мойындамаймыз - на politic.bugin.kz
Әйгерім - на politic.bugin.kz Әйгерім

Түрік басшысының мәлімдемесі

Түркия Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайды. 3 ақпан күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған украиндық әріптесі Владимир Зеленскиймен болған келіссөздердің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады.

- Мен тағы да айта кеткім келеді. Біз Қырымның заңсыз аннексиясын мойындамаймыз. Біз Украинаның аумақтық тұтастығын қолдауды жалғастырамыз, - деді түрік басшысы.

Ердоғанның айтуынша, Түркия "қырым татарларының жағдайын мұқият қадағалауды" жалғастырады. 

- Украина билігімен бірге біз қырым-татар түріктеріне қолдау көрсетуді жалғастырамыз, - деді Түркия президенті.

0 Пікір Кіру