Қытайдағы вирус: мыңдаған дәрігер билікке қарсы ереуілге шықты - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Эпидемия өршіп барады

Қытайдағы Гонконг арнайы әкімшілік аумағының дәрігерлері билікке қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды. Дәрігерлер Қытаймен шекараны уақытша емес, толық жабуды талап етуде. Бұл туралы Гонконг денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді.  

Наразылық акциясы 3 ақпанда басталған. Алғашқы күні 2,7 мың адам қатысқан, ал 4 ақпанда олардың саны артуы мүмкін деп болжам жасалуда. Дәрігерлердің көбі наразылыққа шығып кеткендіктен, медициналық мекемелерде дәрігерлер жетпей қалды. 

Наразылық акцияларын Hospital Authority Employees Alliance кәсіподағы ұйымдастырған. Қытаймен шекараны толық жаппай, уақытша бұғаттау вирустың таралуын тоқтата алмайды дейді наразы дәрігерлер. 

0 Пікір Кіру