Түркия Асад әскерін қырып салды - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Сириядағы соғыс қыза түсті

Түркия әскерилері Асад режимінің 76 сарбазын мерт қылды. Түркия тарапы Сирия әскерилерінің шабуылына қарымта соққы берген. 

Бұл туралы 3 ақпанда Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулус Акар NTV арнасына берген сұхбатында айтты. 

Асад әскерінің шабуылынан 8 түрік сарбазы қаза тапқан еді. 

- Асад режимінің 54 нысанына соққы жасадық. Қолымызда бар ақпарат бойынша 76 сарбаз мерт болған, - деді министр. 

Түркия соғысқа ұмтылмайтынын, алайда жасалған соққыларға жойқын шабуылмен жауап қататынын жеткізді. 
0 Пікір Кіру