Фоторепортаж: Коронавирус пайда болған Ухань қаласының қазіргі жай-күйі қалай? - на politic.bugin.kz
Ақмарал Берекет - на politic.bugin.kz Ақмарал Берекет

Суреттер сөйлейді

Бәріміз білетіндей Қытайдағы Ухань қаласы коронавирустың таралуына байланысты жабылған болатын. Қазіргі таңда қаладағы адамдар қалай өмір сүріп жатыр? Фоторепортажға назар аударыңыз.

 

Ухань — Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы. Қалада 11 млн адам өмір сүреді.

 

Қалада автомобиль құрастыратын зауыттар өте көп. Соның ішінде General Motors, Nissan, Honda кәсіпорындарын ерекше атап өтуге болады. Ухань Янцзы мен Ханьшуй өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Сол себепті де қалада балық шаруашылығы қарқынды дамыған. Тап осы балық базарында коронавирус пайда болған. Хубэй провинциясының орталығы 23 қаңтардан бастап жабылды.

 

Уханьда аталмыш вирусты жұқтырған адамдар оқшауланған. Мамандар оларды арнайы тексерістен өткізеді.

 

Қалада метро, поезд, автобус, паром, ұшақтар тоқтатылды. Такси жүргізушілері арнайы комбинезон киіп жүреді. Арнайы киім оларды сыртқы қауіптен қорғайды.

 

Жергілікті тұрғындардан үйден шықпау, маска тағу, суды көбірек ішу сұралады.

 

Қала тұрғыны украиндық «Лiга.Бизнес» баспасына жергілікті тұрғындарға Уханьға кіруге болады да, шығуға болмайтынын айтып өтті. Оның айтуынша, тіпті Хубэйдің басқа қалаларынан келген адамдар да Уханьнан шығарылмайды.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай үкіметінің бұл шешімімен келіспейді.

«11 млн халық тұратын қаланы оқшаулау денсаулық сақтаудың тарихында болмаған. Бұл шешімді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған да, қолдаған да жоқ», — деді Бейжіңде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Гауден Галеа.

 

Жергілікті ауруханаларда бос орын жоқтың қасы. Кейбір адамдар сырқаттанып келсе, енді бірі денсаулықтарына уайымдағаннан тексерілуден өтіп жүр.

 

Қала көшелерін күніне бірнеше рет арнайы раствормен тазалайды. 

 

Сонымен қатар провинциядағы Уханьнан басқа да бірнеше қала «карантин» деп жабылды. Сонда жалпы оқшауланған адамдардың саны 20 млн—ға жетіп отыр.


Фото: Arek Rataj, China Daily, Douyin user Wei Zikai


0 Пікір Кіру