Тәжікстан 2 мыңға жуық мешітті жапты - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Құжатсыз діни ошақ

Тәжікстан билігі екі жылдың ішінде 1938 мешітті жауып тастаған. Оған себеп - діни ошақтардың құжатының болмауы. Бұл туралы дін істері жөніндегі комитет басшысы Сулаймон Давлатзода мәлімдеді.

- Мешіттердің көбінде құжат жоқ. Біз оларға құжаттарын рәсімдеуге рұқсат еттік, алайда олар тиісті уақытта құжаттарын табыстамады. Сондықтан біз заңға сай емес мешіттерді жаптық, – деді Давлатзода.

Жергілікті билік өкілдерінің шешімімен олардың басым көпшілігінен шайханалар, мәдени ошақтар мен кинотеатрлар, балабақшалар ашылған. Тәжікстанда жалпы жиынтығы 3,5 мың діни мекеме бар. 

Өткен аптада тәжік билігі елдегі ең ірі мешіттің қызметін тоқтатып, одан кинотеатр ашқан болатын.  

0 Пікір Кіру