Түркия Украинаға $50 миллион көмек береді - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Бұл қаржы Украина әскерінің қажеттілігіне жұмсалады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жақында Украинаға іссапармен бармақ. Сонда Украина әскеріне 50 млн доллар қаржылай көмек беру туралы келісімге қол қояды, деп хабарлады Украинаның Түркиядағы елшісі Андрей Сибига.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленскийдің баспасөз қызметі Ердоғанның Киевке сапары кезінде мемлекет басшыларының көзбе-көз кездесуі, сондай-ақ Украина мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің сегізінші отырысы өтетінін хабарлады.

Бұдан басқа, көші-қон ынтымақтастығы саласындағы құжаттарға қол қойылады, Төтенше жағдайлар қызметтері арасындағы өзара іс-қимылға қатысты құжатқа қол қою мәселесі де жоспарланған.

0 Пікір Кіру