Талап жоқ, үміт көп халықпыз - на politic.bugin.kz
Інжу Өмірзақ - на politic.bugin.kz Інжу Өмірзақ

Өкпелеме өзгеге

Талап жоқ, үміт көп халықпыз. 

Иә, А.Байтұрсынұлының жүрекке ине секілді шымырлатып, тамағымызға қылқан боп қадатқан бұл сөзі - сол заманның бұлыңғыр айнасы еді. Қазақ кімге өкпелейді? 

Осы сұрақтың аясы бойынша А.Байтұрсынұлы ащы болса да, бар шындықты жазып, не себепті тарихымыздың алтын ғасыры бұлт торлаған қалың қапаста өткендігін, неліктен қызымыз - үң, ұлымыз - құл болғандығын, ашып айтты. Надан деп қараласақ, бір бұрышы «қазақ»деген ұлы сөзді көтеріп жүрген мына бізге тиеді... 

Дәл осылай күйінген Ахмет Байтұрсынұлы қаны мен жанынан жаратылған өз ұлтының, қарабайыр халқының кері қайтарылмас алтын уақытының бөтен елдің шырмауында қалғанын, ел тізгінін ұстар жастарымыздың өз еліне, қара басының қамы үшін сатқындық жасап, жат елдің жәутеңіне айналғандығын күйінішпен осы бір «Қазақтың өкпесі » атты мақаласына жария қылады. 

«Атаға қарап ұл өсер». Бұл мәтелдің бұл жердегі айтпағы, тарих тарауынан сыр шертетін халқымыздың, ханымыздың жалқаулық пен надандық атты айтқанға көнбейтін, айтқан тілді алмайтын еріншектікті бойына сіңірген есек секілді жануардың үстіне мініп, биік шыңға қарауға бойы жетпей, әйтеуір «адам» деген атауға ие, бірақ адамдықтан жұрдай жан екендіктерін білмейді. 

Бұл дерттің жұқпалығы сонша өткеніміз келер заманның көшіне жұқтырып, қазірге кезде аймықпай адамдар саны қаншама. Бес саусақ бірдей емес, әрине, надандықтың жарасы сәл-пәл жазылып келе жатыр делік, бірақ жалқаулық атты жамандық жауырынымызға мініп алып, надандыққа итермелеп жатыр. Өз еркімен Ресей үкіметіне қосылған сол заманның басты сомдаушысы ақылды болмаса да бәрінен биік тұратын «хан» деген атау болды. Ұлан-ғайыр жатқан жерімізді өз халқы жалға сатып алып, жер арқылы тапқан шаруаларының күл-талқаны шығып, ішерге ас, киерге киім таппай, надандықты жамау еткен халқымның бүгінгі ғасырдағы ізбасарлары табылып жатыр. 

Өткенімізде Ресейден таршылық көрсек, бүгініміздің ата жауы-қара қытайлар болып отыр. Өткен жылы ғана кең-байтақ жеріміздің Алтай мен Атырау арасынан қытайларға табыстамақшы болмақ жерінен Батыстың бораны соғып, жеріміз өзімізде қалған еді. Өткен мен бүгіннің ұқсастығын айтайын ба? Біздің жеріміз арқылы байырғы да Ресей өз шаруасын дөңгелетсе, бүгінгі заманда тәуелсіз ел бола тұра біздің жеріміз арқылы Қытай шаруасы дөңгеленбек? Надандық болмай бұны не деп атауға болады? 

Сатқындық пен жалақорлықтың да жарасы жазылмай, керісінше, одан әрі аймықпастай дертке айналып жатыр. Қазақ атты шаңырақтың құрылғаны сонау «Керей мен Жәнібектен» бастау алады. Ал сол шаңырақтың керегесі мың рет құлап, жүз рет көтерілді. Кереге мықты болуы үшін бірлігіміздің нығаюы қажет болған. Ал ол үшін алтыбақан ала ауыз қазақтың бірлігі жолында кірпіші қаланбаған. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бетіміз жоқ.

0 Пікір Кіру