ЕО-тан шығуды британиялықтардың өзі қалай қабылдады? - на politic.bugin.kz
Гаухар Бердiбек - на politic.bugin.kz Гаухар Бердiбек

Ағылшын жұрты не дейді?

Ұлыбритания Еуропалық Одақтың құрамынан шығады. Осылайша төрт жылға жуық созылған одақтастардың «ажырасу процесіне» нүкте қойылды.  

Өткен аптада Екінші Елизавета патшайым Борис Джонсон үкіметі әзірлеген Ұлыбриятанияның ЕО-тан шығу жөніндегі заң жобасына қол қойған болатын. 

Ал жыл басынан бері қауымдар палатасында талқыланған заң жобасы кейін лордтар палатасынан қолдау тапты. Әрине, бұл қадам ағылшындар кәрі құрлықтың 30-ға жуық мемлекеті бас қосқан бірлестіктен бірден бас тартты деген сөз емес. Себебі Одақтан шығатын өтпелі кезең 2020 жылдың соңына дейін жалғасады. 

Осы уақыт аралығында сауда, шекарадан өту және өзге де жағдайға байланысты мәселелер бұрынғы күйінде қалады. Алайда жергілікті тұрғындар Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан кетуін әр түрлі қабылдап жатыр. Олардың бірі «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» десе, екіншісі «еліміздің жоғалтатын тұсы көп» дейді.

0 Пікір Кіру