Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі тәжвирусынан қорғайтын 3 дәріні атады - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Вирусқа қарсы үш дәрі

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі тәжвирусынан қорғайтын, терапия ретінде қолдануға болатын 3 дәріні атады деп жазады, Euronews.com сайты. 

Дәрігерлерге арналған уақытша нұсқаулықта қалай әрекет ету, қандай әдіспен емдеу және қандай дәрілерді қолдану көрсетілген. 

Нұсқаулықта сондай-ақ тәжвирусына қарсы қолдануға тиімді делінген 3 дәрінің аты жазылған: Рибавирин, Лопинавир/Ритонавир және Рекомбинантты интерферон бета-1b. Нұсқаулықта дәрілерді қолдану дозасы да көрсетілген.

Аталмыш дәрілерді қолдану тек қана дәрігердің рұқсатымен іске асуға тиіс. Рибавирин дәрісін 2002 жылы SARS вирусы тарағанда кеңінен қолданғаны белгілі. 

0 Пікір Кіру