АҚШ Иранның атом энергиясы ұйымына қарсы санкция енгізді - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Тегеран: АҚШ-тан қайыр жоқ

АҚШ билігі Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымына және оның басшысы Али Акбар Салехиге қатысты санкция енгізді. Бұл туралы korrespondent.net хабарлайды. 

АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Брайан Хуктың айтуынша, Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымы Тегеранның өзінің ядролық міндеттемелерін бұзуға мәжбүрлеген. 

- Ол уран қорының және оны байыту деңгейінің лимиттін асырып отырған. Әрі ұйым басшысы уранды байыту үшін жаңа заманауи центрифугалар орнатуға көшіп құқық бұзды, - деді Хук және «Президент Трамп Иранның ядролық қару алуға жол бермейтінін» айтып өтті.

Өз кезегінде Иран АҚШ-тың бұл санкциясын «Вашингтонның құлдырап бара жатқанын дәлелдеп берді» деді. Иранның Атом энергиясы ұйымының өкілі Бехруз Камалванди бұл санкцияларды "баланың ойыны" деп бағалап, місе тұтпады. 


0 Пікір Кіру