B дегеніміз Brexit: Ұлыбритания ЕО шығып жатыр - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Енді не болмақ?

31 қаңтардан бастап Ұлыбритания Еуропалық одақтан шығады. Үш жарым жыл арпалыстан кейін ағылшын үкіметі ЕуроОдақтан әйтеу шығатын болды. 

ЕО-тың билік мекемелеріндегі британдықтар заттарын жинап жатса, ал Британияда тұратын Еуроодақ елдерінің азаматтары осы елмен қарым-қатынасын жаңаша ресімдеуге дайындалуда.

2019 жылдың 12 желтоқсанында мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауда мандаттардың абсолюттік көпшілігі Борис Джонсон бастаған консервативті партия жеңіп алғаннан кейін, парламенттің жаңа құрамы ЕО-мен ажырасу шарттарын тез және артық даусыз бекітті. 24 қаңтарда Лондонда Борис Джонсон және Еуропалық Кеңес пен Еурокомиссия басшылары Брюссельде Британияның ЕО-дан шығуы туралы келісімге қол қойды.

31 қаңтар - маңызды кезең. Осы сәттен бастап, Ұлыбритания үшін кері жол жоқ.


0 Пікір Кіру