Шенеуніктердің зейнетақы мөлшері өсуі мүмкін - на politic.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на politic.bugin.kz Бота Куанышбекова

Жапон үлгісі

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакеттің жапондық моделін енгізу мәселесі талқылануда.

- Барлығымыз білетіндей, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметке, мемлекеттік қызметкерлер үшін жапондық әдіс бойынша әлеуметтік пакетті енгізу қажеттігін айтты. Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің екі қызметкері - Департамент директоры және басқарма басшысы - Жапонияда болып, осы тәжірибені зерделеп жатыр. Егер Президент осындай тапсырма берсе, оны енгізетін боламыз, - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов Мәжілістегі Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша түзетулерді таныстыра отырып.

Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан бұл тәжірибені Жапонияға бармай-ақ зерделеуге болатынын атап өтті. "Бұл пакетке не кіреді,осы әлеуметтік пакетті жүзеге асыру жолдары қандай? Мерзімі бойынша жоспарлар бар ма?",- деп сұрады Құдайберген Ержан.

- Сіздің сұрағыңыз өте орынды. Нұсқаулық жақында жарияланды. Жапондық әдіс бойынша зейнетке шыққан кезде мемлекеттік қызметкер оның соңғы жалақысына тең зейнетақы алуға өтініш бере алады дегенді білдіреді. Германияда бұл соңғы жалақының 70 пайызын құрайды, бірақ мұнда республикалық бюджеттің мүмкіндіктеріне қарау керек, - деп жауап берді Марат Дауешов.

- Егер біз келесі жылы осы әлеуметтік пакетті енгізетін болсақ, бұл қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте жүрген мемлекеттік қызметкерлерге әсер етеді. Жастар ғана емес, сонымен бірге зейнет жасына жақын адамдарға да, - деді  ол.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік пакет құру керек деп ұсыныс жасаған еді.

0 Пікір Кіру