Саясаттанушы: Ресей текке сақтанып жатқан жоқ, бұл аса қауіпті вирус - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Ресей билігі қауіптеніп отыр

Ресей билігі Қытайдағы вирустың таралу қарқынына алаңдаушылық білдіріп, шекарадағы бақылауды күшейтуде. 

Саясаттанушы Марат Баширов «Политджойстик» Telegram каналына екі ел арасындағы көлік және жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың жабылғандығына қатысты пікір білдірді. 

- Президент Владимир Путин жедел арада осы мәселе бойынша жиын өткізіп, көлік және жаяу жүргіншілерге арналған шекаралық бекеттерді жапты. 30 қаңтардан бастап Приморск, Хабаровск, Байқал, ЕАО, Амур облыстарындағы шекаралар жабылады. Әзірге шекаралар 2 ақпанға дейін жабық болмақ. Мәскеу-Бейжің-Мәскеу бағытындағы теміржол қатынасы да тоқтатылады, - дейді саясаттанушы. 

Сонымен қатар Вероника Скворцова басқарған Медицина-биологиялық федеральды агенттікті әскери вице-премьер Юрий Борисовқа бағындырып қойғаны да, сол арқылы тікелей Қорғаныс министрлігіне бағындырғаны назар аударарлық дүние. 

Ресей Үкіметі денсаулық сақтау министрлігіне ІІМ мен ФСБ Михаил Мурашконы тағайындауы да тегін емес. 

- Бұл жай ғана вирус емес, бұл ерекше қауіпті вирус, оны Ресей билігінің әрекеті дәлелдеп тұр, - деді саясаттанушы.


0 Пікір Кіру