Ерекше басып кіру: Қытайға биологиялық қару қолданып, халқын қырып тастау жолы - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Төбеден ұшақтармен вирус салынған қораптар тастаған

Бүгінгі таңда Қытайдағы вирустың пайда болуы турлі болжамдарды туындатуда. Бірі табиғаттың ісі десе, енді бірі биологиялық қарудың қолданылуы деген ойды айтуда. 

Якобус Ланингдэл —  Нью-Йорк қаласындағы Халықтық денсаулық сақтау қызметінде жұмыс атқаратын қызметкер. Бұл фантастикалық әңгіменің ойдан шығарылған кейіпкері. Әлемге әйгілі Джек Лондон "Ерекше басып кіру" атты әңгіме жазғаны белгілі. 

Джек Лондонның әңгімесінің желісіне келетін болсақ, 1976 жылы Қытай мен өзге әлем елдерінің қақтығысы шырқау шегіне жетеді. Оған себеп болған Қытай халқының миллиардқа жетуі еді. Қытайлар өзге елдерді сауда арқылы отар қыла бастайды. Осылайша әлем "Қытайдан соғыс арқылы емес, сауда арқылы жеңіліс табатынын" түсінеді. 

Еуропа мен АҚШ Қытайға қарсы бірігіп, әрекетке көшеді. Алайда дәстүрлі соғыс еш нәтиже бермеген болатын. Сол сәтте Якобус Ланингдэл АҚШ басшысына ерекше ұсыныс тастайды. АҚШ пен Еуропа Қытайды құрлық және су жолдары арқылы оқшаулайды. Артынша, яғни 1 мамыр, 1976 жылы Қытайдың әуесінде мыңдаған ұшақтар пайда болып, төменге шыны қорапшалар тастайды. Жерге соғылған қорапшалар тас-талқан болады.

Ол қорапшаларда бактериялар, микробтар мен вирустар бар болатын. Джек Лондон: «Бұл жаңа соғыстың келбеті еді, жиырмасыншы ғасырдың соғысы, ғалымдар мен зертханалардың соғысы, Якобус Ланингдэлдің соғысы» деп жазады. Нәтижесінде әңгіменің соңында Джек Лондон Қытай халқының ондаған эпидемиялардан толық қырылып қалғанын айтады.

Әрине, бұл тек әңгіме ғана. Алайда Джек Лондонның бұл әңгімесі бүгінде конспирологтарды ойландырып отырғаны анық. 


0 Пікір Кіру