"Жусан" операциясы: Сириядағы қазақтардың елге оралуы (Видео) - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Бұл ел үшін үлкен жеңіс

5 қаңтар күні Ақтау әуежайынан әскерилер мен құтқарушылар ұшты. Ұшақ бортында алғашқы көмек көрсетуге қажет заттар мен тамақ болған. Эвакуациялау аймағына қазақстандық күш 5 қаңтар күні сағат 15:45-те жетті. Бейнероликтен байқағандай, балалардың тыныштығы үшін ұшақта барлық жағдай жасалған. Кей ер азаматтарды ұшаққа көзін байлап отырғызған. Операция нәтижесінде отанына 47 адам оралды. Оның ішінде 11-і әйел мен 30-ы бала (балалардың көпшілігі 1-5 жас аралығында).


"Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды. 

Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Осындай ауыр жағдайға ұшыраған бұл кінәсіз жандардың қуанышында шек жоқ. Олар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмек алады. Атқарылған жұмыс мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді. 

Қазақстан өз азаматтарына қай жерде жүргеніне қарамастан әрдайым қолдау көрсетеді. Біздің негізгі міндетіміз - еліміздің қауіпсіздігін, халқымыздың береке-бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз", -делінген мәлімдемеде.

 

0 Пікір Кіру